Гүлденген Астананы өз көзімен көруді армандамаған жан жоқ шығар, сірә. Бұл туралы Астана күніне арналған мерекелік шаралар барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары К.Жұмашев айтты.
Аймақ басшысының баспасөз орталығы хабарлағандай, шілденің 6-сі күні Ақтауда Астана күніне арналған салтанатты шеру өткен.
Шеруге қатысушылар «Астана» алаңына келді. Мұнда үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды.