Қайғылы оқиға салдарынан 600-ден аса адам із-түссіз жоғалды. Табиғи апаттар салдарына қарсы күрес жөніндегі Ұлттық үйлестіру орталығының басшысы Алехандро Мальдонадоның мәлімдеуінше, 34 адамды құтқарып, қаза тапқан тоғыз адамның мүрдесін шығару мүмкін болды. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, оған әскер бөлімшелері мен жүздеген еріктілер жұмылдырылған. Орталықамерикалық елдің билігіне БҰҰ, АҚШ, Мексика және Куба тарапынан көмек ұсынылды.