«Ғылым және жоғары білім министрлігі өз алдына бөлек шыққаннан бері көп дүние жасалып жатыр. Ғылым мақала мен монаграфия жазумен шектелмеу керек. Негізгі ғылым нәтижесін экономикаға, өндіріске міндетті түрде беруі керек. Іргелі зерттеу қолға алынған екен, ол міндетті түрде коммерцияға дейін жетуі керек. Өйткені бюджеттің ғылымға бөлген әр теңгесі, тиыны мемлекетке еселеп қайтуы шарт. Қазір сол мәселені алдымызға қойып отыр», - деді ғалым.
Сондай-ақ, ол 2019-2020 жылдары ғылымды коммерцияландыру қорына қаржы бөлінбей қалғанын еске салды.
«Қанша дегенмен қазір ғылым қоры резонансты жағдай туғызып отырған сияқты. Бірақ жұмыс болған соң поблемасы да болады. Мысалы, ғылыми жобаны коммерцияландыруға өтінім берген кезде ғылымға қатысы жоқ адамдар кіріп кетіп жатыр. Сондықтан осы жағына көңіл бөлсе, іргелі, қолданбалы зерттеу жасалған, ғылыми жаңалығы бар жобаларды ғана дамытуға қаражат бөлінсе дұрыс болар еді», - деді академик.