деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің ғылыми- технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Осы орайда ғылым жүйесін дамытудың, яғни бәсекеге қабілетті экономикаға қолайлы жағдайлар жасау, индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында алға қойған мақсаттарға жетудің маңызы зор. Ал бұл ғылыми мамандардың әлеуеті арқасында жүзеге асатыны баршамызға аян. Өкінішке қарай, бүгінгі күні жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар ғылыми мамандарды даярлау деңгейі оларға деген қажеттілікті қанағаттандыра алмай отыр. Оның үстіне, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында қызмет атқаратын ғалымдар мен ғылыми атағы бар оқытушылардың жас мөлшері ұлғайып, жас ғалымдар қатарының жетіспеушілігі байқалуда», деді депутат. Мәселен,оның айтуынша, 50 және одан жоғары жастағы докторлар құрамы 86 пайыз, ал 40 жасқа дейінгі ғылым кандидаттарының саны 21 пайызды ғана құрайды. Ал қазіргі таңда магистрлерге деген қажеттілік 11 мың 798-ді, PhD докторларға - 2 мың 678-ді құрап отыр.
«Сондықтан да мемлекеттік білім тапсырысын магистратура бойынша 5 мыңға дейін, ал PhD докторантурасы бойынша 2 мың 500 орынға дейін көбейту қажеттігі туындап отыр. Сондықтан, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыратын мамандар даярлау жоспарын әзірлеу барысында тиісті толықтырулар енгізу қажет деп есептеймін», деді Қ. Бисенов.