деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасынан.
Бұл фильм Қазақстан мен Ресей арнайы қызметтерінің халықаралық есірткі қылмыстық топтарын талқандау жөніндегі бірлескен операциясы туралы баяндайды. Фильмнің басты тақырыбы - Отанға жанқиярлықпен қызмет ету, адалдықты, сүйіспеншілікті ту ету.
Қарт барлаушы басты рөлін сомдаған КСРО халық әртісі, белгілі актер және режиссер Асанәлі Әшімов сеанс алдында көрермендермен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарады.