«Біз, павлодарлық ардагерлер референдумды өткізу бастамасына қолдау білдіре отырып, алғашқы күні-ақ үш мың зейнеткердің қолын жинаған болатынбыз. Ал Қазақстан бойынша бес миллионға жуық халық референдумды қолдаған еді, бұл Мемлекет басшысына деген үлкен сенімнің дәлелі. Сондықтан біз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін түсіністікпен қабылдап, сайлауда барлық халық ҚР Президенті Н.Назарбаевқа дауыс береді дегенге сенеміз», - дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Арынғазина.
"Елбасымыз демократиялық дұрыс жолды таңдады, бүкіл Қазақстан сол жолға еруі керек", - деп атап өтті Қ.Сәтбаев тарихи-географиялық қорының төрағасы Оралбек Қожанов. «Ол елі үшін көп еңбек етуде, Еуропа мен Азия арасына көпір орнатты, әлем қоғамының құрметіне ие болды. Біз Елбасына кез келген бастамада қолдау білдіреміз, ол Қазақстанды гүлдендіріп, жақсы өмірге жол бастайды», - деді ол.