Халық Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық әлеуетіне сенеді - Н.Нығматулин

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде ел халқы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық әлеуетіне сенеді.

Бүгін Астанада басталған «Ұлт көшбасшысы факторы және жаңғырту үрдісі» тақырыбындағы халықаралық конференцияда «Нұр Отан» ХДП-сы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин осылай айтты.

«Ел халқы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық әлеуетіне сенеді. Сол себепті оның өкілеттілігін ұзартуды қолдап отыр», - деді ол. Осы орайда бүгінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Қазақстанның демократиялық күштерінің жалпыхалықтық коалициясының құрылғандығы жайында айтқан Н.Нығматулин, аталған ұйымға көптеген саяси партиялар мен барлық азаматтық қоғамның қолдау білдіріп жатқандығын жеткізді. «Қазіргі кезде Қазақстанның демократиялық күштерінің жалпыхалықтық коалициясына мүше болған саяси партиялар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың саны 600-ден асты. Бұл Қазақстан қоғамының Президенттің өкілеттілігін ұзартуды көздейтін республикалық референдумды өткізуді қолдайтындығын ашық көрсетіп отыр», - деп атап көрсетті Н.Нығматулин.