Бүлікшілерді тарату үшін жергілікті полицейлер таяқ қолдануға мәжбүр болды. Жауап ретінде шерушілер тәртіп сақшыларына тас лақтырды. Осының салдарынан 6 полицей мен тағы бірнеше адам жарақат алды. Айта кетейік, осы аптада сот басшысы алдағы үш ай ішінде Премьер-Министр қызметін атқаруға ант қабылдаған болатын. 64 жастағы Х.Р.Регмидің кандидатурасын елдегі басты 4 саяси партия қолдап отыр. Ал оған жүктелген міндет - Непалда жаз айында өтетін парламенттік сайлауды өткізу. Жалпы 2012 жылдың мамыр айынан бастап елдегі парламент қызметін тоқтатқан болатын.