«Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуі мүмкін, деп мәлімдеді ел халқына жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек», - деді Назарбаев.
Оның айтуынша, «бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады».
Сондай-ақ, Н.Назарбаев «орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы» екеніне назар аударды, деп жазады «Русская служба BBC».