Халықаралық бизнес академиясында жаңа спорт клубы мен зал ашылды

Ы. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Кеше           Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясында  спорт клубы мен жаттығу залы ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты,

          деп хабарлайды ҚазАқпарат  қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Қала әкімі Халықаралық бизнес академиясының басшылығы мен оқытушылар қауымын, сонымен қатар студенттерді осы  елеулі оқиғамен құттықтады.  

         «Елбасымыз Алматыда болып, Азиада нысандарын аралаған кезде ол жастардың спортпен  шұғылдануы  қажет екендігіне айрықша көңіл бөлген болатын. Салауатты өмір салтын қалыптастырған жастар ғана тәуелсіз Қазақстанның  лайықты азаматтары болатындығын Елбасы  атап өткен еді. Сондықтан да мен ХБА басшылығының бұл ісін ерекше құптаймын. Өйткені, олар аз уақыттың ішінде қазіргі заманғы технологияны пайдалана отырып, жақсы  ғимарат салып отыр»,  деді қала әкімі Ахметжан Есімов. 

         Әкім жастарға спортпен айналысу  қажет екендігін айтып, 2011 жылғы Азия ойындарына дайындық  барысы туралы әңгімеледі.  Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, шаңғы трамплиндері, Шымбұлақ,  Медеу жөнінде де кеңінен  сөз қозғады. Ахметжан Есімов Халықаралық бизнес академиясының ұжымын, студенттерді 2009 жылдың 16 желтоқсанында  Медеуде  ашылатын дәстүрлі мұз айдынына сырғанақ тебуге шақырды.