«Энергия» Ресей ғарыш корпорациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Прогресс М-09М» ғарыш кемесі орнатылған «Союз-У» зымырантасымалдағышының бас блогы кеше, 24 қаңтарда ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақтан өткізу корпусынан шығарылып, жалпы құрастыруға жөнелтілді.
Кеше сондай-ақ Мәскеу уақыты бойынша сағат 03.42-де Халықаралық ғарыш стансасынан бұған дейінгі «Прогресс М-08М» жүк кемесі ажыратылып, Тынық мұхитының суына батырылды.
Кезекті жүк кемесі орбитаға бірнеше күннен кейін аттанады. «Прогрес М-09М» жүк кемесінің сапары 28 қаңтарға жоспарланып отыр. Кеме Халықаралық ғарыш стансасына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді.