Оның нәтижесі минус 19 (269). Сэм Хатсбиге 72 мың еуро табыс етілді. Екінші орын алған тағы бір ағылшындық гольфшы Эндрю Джонстон 49 мың 500 еуроға ие болды. Оның нәтижесі минус 17 (271). Ал үшінші орын алған оңтүстіккореялық гольфшы Бьенг-хун Ан 31 мың 500 еуро сыйақы алды. Оның нәтижесі минус 12 (276).
Өз сөзінде Сэм Хатсби ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«Мен біздің командаға, сондай-ақ ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Турнир өте жоғары дәрежеде өтті. Спортшыларға керемет жағдай жасалды. Егер мүмкіндік болып жатса, алдағы жылы да осы турнирге келуге дайынмын», - деді С. Хатсби.