Самаранч жан сақтау палатасында жатыр және ол жасанды тыныс алу жүйесіне қосылған. Оның қасында отбасы мүшелері отыр.
Хуан Антонио Самаранч - Халықаралық олимпиадалық комитеттің жетінші Президенті. Ол аталмыш ұйымды 1980-2001 жылдар аралығында басқарды.
16:57, 21 Сәуір 2010
Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрметті төрағасы Хуан Антонио Самаранч жүрек сырқатымен ауруханаға түсті
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Жүрек талмасымен ауруханаға түскен Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрметті төрағасы Хуан Антонио Самаранчтың жағдайы «өте ауыр». Бұл туралы Самаранч жүрек ауруымен түскен Барселона ауруханасының дәрігерлері айтуда, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.