деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республикалық турнир 1996 жылы туған және одан кіші балалар арасында өткізілуде. «Халықаралық санаттағы спорт шебері А. Гаврилов атындағы республикалық жарыс 2004 жылдан бері 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы турнир әлі есімде. Ол уақытта Қазақстан аймақтарынан тек 3 команда: Степногор, Қарағанды және Астана қалаларының жас спортшылары келіп қатысып еді. Қазір 14 команда келген, ел аймақтарынан жиналған спортшылардың өзі 180-ге жетіп отыр», дейді Жарыстың бас төрешесі - ҚР-ның жүзуден еңбек сіңірген жаттықтырушысы, А. Гавриловтың жеке бапкері болған Александр Кудрявцев.
Былтыр Астана балғындары бірінші орынды қанжығаларына салып кеткен болатын. А. Кудрявцевтің айтуынша, елордалық спортшылар үшін Алматы, Павлодар, Қарағанды құрамалары өте мықты қарсылас болып табылады. «Дегенмен биыл да бас жүлдені Астанада қалдыруға тырысамыз», дейді ол.
Жарыста 1,5 шақырымдық марафондық қашықтықтан басқа барлық олимпиадалық қашықтықтарда жүзу дистанциялары өтеді.
Спортшыны еске алу жарыстары сәуірдің 26-сы мен 28-і аралығында өтеді.