деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, шет мемлекеттерде өндірістік және ғылыми технологиялар арнайы сараптамалық орталықтар мен кеңестердің ұйғарымымен ғана өндіріске енгізіледі. Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтің айтуынша, бұл жұмыс елімізде әлі күнге дейін жасалған жоқ. Ол енді ғана қолға алынып жатыр.
«Ғылымды коммерцияландыру жобасының аясында алғашқы кезекте біз Халықаралық сараптамалық орталық құрмақпыз. Ол гранттық жобаларды қарайтын болады. Орталыққа халықаралық деңгейдегі жетекші 7 маман сарапшы ретінде тартылуда.Бүгінгі симпозиумға олардың алтауы қатысып отыр», дейді вице-министр.