деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фридрих Эберт атындағы Қордың ұйытқы болуымен өңірде алғаш өткізілген семинарға жоғары және арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, ынталы ұйымдар мен баспасөз өкілдері қатысып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасты. Іс -шара аясында Ұлыбританияның Бристол университетінен саясаттану ғылымының кандидаты Катарина Бук пен австриялық медиа бапкер Бренд Хрд журналистік шеберлік, оның теориясы мен ғаламтор мүмкіндігін кеңінен қолданудың жай-жапсары турасында тәлім берді. Екі күн бойы баспасөздің жаңа технологиясы мен инновациялық жобалары, ғаламтор ашықтығы - Еуропа мен Азия ақпарат кеңістігіне ену, оның мүмкіндігін кеңінен пайдалану жайында түсінік беріп, нақтылы іс- шараларға атсалысты. Сабақ сауал- жауап, әртүрлі ойындарды кеңінен қолдану, талдау және пікір алмасуға негізделді. Осы тектес біліктілік пен шеберлік семинарлары бұған дейін Алматы мен Астана қалаларында өткізіліген болатын.