Халықаралық велосипедшілер одағы

АЛМАТЫ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) рейтингі бойынша     қазақстандық "Астана" велоклубы мен оның шабандозы Альберто Контадор әлемдік көшбасшы деп танылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат "Астана" велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Астаналықтар" командалық есепте 1100 ұпай жинады.  Жеңімпаздан үздік үштікке кіргендерден   "Caisse d'Epargne" клубының - 52,  ал "Team Columbia" клубының 143 ұпайы кем. Қазақстандық велоклубтың шабандозы жекелей көрсеткіште де қарсыластарын айтарлықтай артта қалдырды. Мәселен, Альберто Контадор 527 ұпай жинаса, одан Алехандро Либеро - 44, ал Самюэль Санчез 170 ұпайға қалып қойды.

Жалпы бұл маусымда А. Контадор Халықаралық велросипедшілер  одағының күнтізбесіне кірген әлемдік деңгейдегі 14 доданың төртеуіне қатысқан болатын. Онда  "Тур де Франс" пен  "Vuelta Ciclista al Pais Vasco" жарыстарында жеңімпаз атанып,   "Париж-Ницца" мен "Дофине Либере" сындарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.   "Caisse d'Epargne" клубының шабандозы А. Либеро   Испания көпкүндігінде, ал "Euskaltel-Euskadi" клубының спортшысы С. Санчез  "Джиро Ломбардии" жарысында топ жарған болатын.