Бағдарламаға сәйкес, 31 мамырда қонақтар саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу шараларына қатысады. 1 маусымда Куксон мен А. Винокуров ерлер арасындағы 210 шақырымдық элиталық жарыстың финалын тамашалайды. Одан кейін құрметті қонақтар жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысады.
Еске сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты 21 мамырда Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде басталды. Қарағандыда 27 мамыр мен 1 маусым аралығында шосседегі жарыстар өтіп жатыр. Екінші кезеңде Азия құрлығының 29 елінен келген 200 спортшы қатысуда.