Бағдарламаға сәйкес, 31 мамырда қонақтар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шараларға қатысады. 1 маусымда Б.Куксон мен А.Винокуров чемпионаттың финалдық жарыстары көрермендері болып, 210 шақырымдық ерлер арасындағы сайыстарды тамашалайды. Бұдан кейін құрметті қонақтар жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қатысады.
Еске сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты 21 мамырда Астанада, республикалық «Сарыарқа» велотрегінде басталған болатын. Қарағандыда 27 мамыр-1 маусым күндері тасжолдағы жарыстар өтуде. Екінші кезеңге Азия құрлығындағы 29 елден 200-ден астам спортшы қатысуда.