«Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акциялары сатылымға шығарылды. Өтініштер қабылдау 6 қарашада басталған, бұл шара 30 күн жалғасып, 5 желтоқсанда сағат 17:00-де аяқталады», - деді Д. Оңаев.
Оның айтуынша, өтінімдер қабылдау тоқталғаннан кейін есептеу кезеңі басталып, 14 желтоқсанда қорытындылар шығарылады. «Ал 19 қараша күні қосалқы нарықта сатылым басталады. Яғни осы уақыт аралығында сатылып алынған акцияларды қайта сатуға болады деген сөз», - деді ол.