Халықтың салықтық мәдениетін арттыру ? Салық кодексінің орындалу сапасына оң әсер етеді ? Салық комитеті

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Республика халқына жаңа Салық кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы бүгін Астанада Салық комитеті төрағасының орынбасары Толғанай Ботақанова журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы жылдың басынан бері еліміздің салық жүйесі жаңа заңмен өмір сүруде. Салық төлеушілерді салық салу мәселелеріне барынша ақпараттандыру өте маңызды болып табылады.«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, халыққа түсіндіру жұмыстарынан кейін, салық төлеушілермен кездескен соң ? заңның орындалуы жақсарады. Халықтың салық қызметшілеріне және жалпы билікке деген сенімдері артуда», дейді Т.Ботақанова. Салық органдарының міндеті ? жаңа заңнаманың барлық қырларын әрбір кәсіпорын мен ұйымға жеткізу. Осы мақсатта екі ай бойы Астана, Алматы қалаларында және Семей, Ақтау, Шымкент, Қостанай аймақтарында салық төлеушілерге арналған семинар-кеңестер өткізілді. «Ақпараттандыру жұмыстары кезінде біздің қызметкерлер жиі қойылған сұрақтар мен оларға қайтарылған жауаптар топтастырылған жинақ жарыққа шықты. Салық комитетінің сайтында кең мағлұматтар жарияланып тұрады. Сонымен бірге басылымдар жарыққа шығарылып отырады», дейді Салық комитеті төрағасының орынбасары Т.Ботақанова. «Бүгінгі дағдарыс жағдайына барынша икемделген Кодекстің ішінде корпоративтік табыс салығын бірте-бірте 15 пайызға, қосымша құн салығын 12 пайызға дейін азайту, мүліктік салықтарды реформалау, салық әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру және басқа да көптеген жаңалықтар бар», - дейді ол.