Олардың қорытындысы бойынша, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович - 48,95 пайыз, ал ел премьері Юлия Тимошенко 45,48 пайыз дауыс алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат УкрИнформ агенттігіне сілтеме жасап.
Санақ қорытындысына сүйенсек, Януковичке - 12 468 061 сайлаушы, ал Тимошенкоға 11 584 767 сайлаушы дауыс берген. Оған қоса, сайлаушылардың 4,36 пайызы бірде-бір кандидатты қолдамаған және сайлау бюллетеньдерінің 1,1 пайызы жарамсыз деп танылған.