Сөз арасында «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру мәселесіне тоқталған Елбасы, бұл ретте «Нұр Отан» партиясының ең алдымен парламенттік және қоғамдық бақылауды кеңінен пайдалануы керектігін атап өтті. «Мәжілістің 5-і шақырылының өзінде ғана нұротандық депутаттар мемлекеттік органдарға сайлауалды тұғырнаманың орындалуына қатысты 300-ге тарта сауал жолдады. Бұл сауалдар мұқият сараланып, халыққа тұғырнаманың орындалып жатқанын жеткізуге тиіспіз», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының салық салу мәселелеріне қатысты принципті ұстанымын ерекше атап өтті.