«АҚШ экономикасының ахуалы әлі де біршама жақсы. Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері арасындағы Кеден одағының экономикасын онымен салыстыруға болмайды. Ол ешқашан АҚШ пен Қытайдай мықты болмайды», - дейді А. Разуваев. Оның айтуынша, ХХІ ғасырдың болашағы Азияда. Оның әлеуеті өте зор.
18:16, 17 Қазан 2013
ХХІ ғасырдың болашағы Азияда
АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазір әлемге кәрістер электроникасын, қазақ пен орыс мұнайын, ал америкалықтар долларын экспорттап жатыр. Бұл туралы 'Альпари' компаниясының Талдау департаментінің директоры Александр Разуваев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.