Телеарнаның ақпараты бойынша, сол күні голландық маман келісімшартқа қол қою үшін Түркияға келуі керек. Түрік футбол федерациясы бұл ақпаратты қуаттаған да, теріске де шығарған жоқ, деп жазады ресейлік "Спорт-экспресс" басылымы.
Ал, Sports.ru басылымы Хиддинктің өз мансабын Қытайда жалғастыруы мүмкін екенін хабарлап отыр. Әзірге Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы болып табылатын Хиддинк Қытай тарапынан ұсыныс алыпты. Оған қандай қызмет берілетіндігі туралы хабарланбай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Хиддинк Ресейге ағымдағы аптада келуге уәде берген, себебі бүгін, ақпанның 3-і күні Ресейдің Футбол одағының жаңа президенті сайланады. Ал ақпанның 7-сінде Хиддинк ресейлік делегация құрамымен Варшавада өтетін Еуро-2012 іріктеу турнирінің жеребе тастау рәсіміне қатысады.