Хоккей: Әлем чемпионы Финляндия былтырғы жетістігін қайталай ала ма

Фото: iihf.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында екінші ойын күнінде Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық хоккейшілер сынға түсетін В тобында 13 мамырда Швейцария Словениядан 7:0, Словакия Латвиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы буллитен Норвегияны 4:3 есебімен жеңіп кетті.

Бұл топта 12 мамырда Чехия Словакияны 3:2, Канада Латвияны 6:0 есебімен тізе бүктірді.

А тобында 13 мамырда Франция құрамасы Австрияны овертаймда 2:1, Дания Венгрияны 3:1, Финляндия Германияны 4:3 есебімен жеңді.

Ал 12 мамырда аталған топта АҚШ құрамасы Финляндияны 4:1, Швеция Германияны 1:0 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, Финляндия былтыр әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Биыл екі ойында үш ұпайға әрең қол жеткізіп отыр. Биыл былтырғы жетістігін қайталай ала ма?

Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырдан бастап Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында өткізілуде. Топтық кезең 12 және 23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.