Хорватияда сайлаудың екінші кезегі өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Хорватияда президенттік сайлауда оппозициялық әлеуметтік-демократиялық партия кандидаты, құқық профессоры, композитор Ифо Йосипович жеңіске қажетті 50 пайыздан артық дауыс жинай алмады,

 деп   хабарлады Би-Би-Си  агенттігі.

Ресми  ақпарат бойынша,    Йосиповичке  сайлаушылардың 32,4   пайызға жуығы дауыс  берген.   Екінші  кезеңде  Йосипович 14,8 пайызға жуық  дауыс    алған Загреб мэрі  Милан  Бандичпен президенттікке  таласады.   Дауыс беру  қаңтардың 10-ына    белгіленген.