Хромтауда дауыл балабақша ғимаратының және бірнеше үйдің шатырларын ұшырып әкетті

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 19 маусым күні сағат 21.30-да 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел 2695 шаршы метр алаңдағы «Айгөлек» балабақша ғимаратының шатырын ұшырып әкетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Сонымен қатар Құрманғазы және Ахтанов көшелері бойындағы жекеменшік 5 үйдің шатырына зақым келтірілді. Болжам бойынша 400 шаршы метр бүлінді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығынды анықтау мақсатында комиссия құрылды.