Әлемдік сауда өсімінің қарқыны баяулауы, шикізат бағасының құлдырауы шикізатқа экспорттауға тәуелді елдерге қиыншылық тудырады, деп атап өтті Лагард. Оның ойынша, көптеген елдерде қаржы секторы қазір әлсіз және дамыған елдерде де қаржылық қатер артып келеді, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
ХВҚ басшысының мәлімдеуінше, 2016 жылы жаһандық өсім әркелкі әрі күткендегідей болмайды
«АҚШ, Ұлыбританияны қоспасақ, басқа дамыған елдер еркін монетарлық саясат ұстанады. ФРЖ өсімі және доллардың күшеюі корпоративтік дефолттарға ұшыратып, кей елдерге және банктерге кесірін тигізуі мүмкін», деп есептейді Лагард.