деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Шілденің 1-2 күндері өтетін ІІІ Астана экономика форумы кезінде "Әлемдегі мемлекеттік-жеке әріптестік орталықтары" деп аталатын конференция өтеді. Оны ұйымдастырып отырған Экономикалық даму және сауда министрлігінің жанындағы Мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы. Ол осы уақытқа дейін Германия, Голландия, Франция сияқты көптеген шет елдердегі мемлекеттік-жеке әріптестік орталықтарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды", дейді ҚР Президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, Мемлекеттік-жеке әріптестік орталықтарымен Қазақстанда халықаралық орталық құру мәселесі талқыланып жатыр. Форум кезінде арнайы конференция жұмысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік-жеке әріптестіктің бірыңғай негізін құру туралы меморандумға қол қою шарасы жоспарланып отыр.
"Дағдарыстан кейінгі даму туралы дағдарыс кезінде айту керек. Бүгінде бұл сауал әлемнің барлық елін алаңдатуда. Енді осы үдеріске және келесі дағдарысқа дайындалу қажет. Үлкен жиырмалықтың Торонтодағы және Сеулдегі екі саммитінің арасында өтетін ІІІ Астана экономикалық форумы сұхбатына қатысушылар үшін бұл көкейкесті мәселе болып отыр", дейді Бақыт Сұлтанов.