АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильинді екі жылға дисквалификациялағаны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Дисквалификация мерзімі 2016 жылдың 10 маусымында басталған. Бұл Ильин енді жеті айдан кейін спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алады деген сөз.
Бұл шешім екі жылға спорттық жарыстардан шеттетілген қазақстандық тағы бір ауыр атлет Зульфия Чиншанлоға да қатысты.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.