Облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлының айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикадағы тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді Қазақстанның қол жеткізген басты жетістіктерінің бірі деп санайды. Дін - қоғамды ұйыстыратын және рухани дамуды нығайтатын фактор.
Имамдармен діндер жөніндегі департамент директоры Дәулет Закарянов кездесіп, қазіргі таңда облыс бойынша 17 конфессияның 172 діни бірлестігі тіркелгендігін жеткізді.
Имамдар алдағы ҚР Президенті сайлауын талқыға салып, Мемлекет басшысының кандидатурасын бірауыздан қолдайтындықтарын айтты.