ОРАЛ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында имамды ұрғаны үшін ер адам үш жылға сотталды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кешкісін ауыл мешітіне келген ер адам имамға намазды дұрыс оқымадың деген сылтаумен тиісіп, бетінен қатты ұрып жібереді. Имам орта дәрежелі дене жарақатын алған.
Қаратөбе аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 104-бабы 2-бөліміне байланысты айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).