Индонезияда күшті зілзала болды

АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Индонезияның жағалауларында күшті зілзала болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Геология қызметінің деректері бойынша магнитудасы 6,2 балл болатын жерасты дүмпуінің кіндігі Сумбава аралындағы Раба қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Қирандылар және құрбан болғандар, цунами қатері туралы ақпарат жоқ.