Индонезияда жол апатына ұшыраған қазақстандық спортшы есін жиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тау шаңғысынан спорт шебері Руслан Исаев 6 тамыз күні Индонезияда мотоциклімен түйісіп, ауруханаға ауыр халде түскен болатын.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды 24.kz. Бұл оқиғаны еліміздің ҚР Сыртқы істер министрлігі жіті бақылауына алып отыр.