Индустрия және сауда министрі Ә.Исекешев Өскемендегі Металлургия орталығын құрудың барысымен танысты

ӨСКЕМЕН. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев Өскемендегі Металлургия орталығын құрудың барысымен танысты.

Осынау  жобаны  жүзеге асыру  аясында министр   аймақтың   металлургиялық саласының   ғылыми  және  өндірістік  базаларының   мүмкіндіктерімен   егжей-тегжей  танысты.  Ол «Жаңа металлургия»  циклының  жаңа  өндірістері  -   тереңірек  өңдеу  өндірістері   құрылып жатқан    «Өскемен    титан-магний  комбинаты», «Қазмырыш»,  «Үлбі металлургиялық зауыты»  зауыттарында  болды.

Одан  кейін министр Түсті металл Шығыс  ғылыми-зерттеу кен-металлургиялық институты (ВНИИЦВЕТМЕТ)  мен «Алтай»    аймақтық технопаркінің   ғылыми  алаңдарын,    сондай-ақ    «Шығысмашзауыты»  және  «Азия Авто»  кәсіпорындарын аралады.

Исекешев    өз сөзінде,   Шығыс Қазақстанда  құрылып отырған  Металлургия  орталығының          экологиялық таза технологиялар,    энергия үнемдеуші  өндірістер сияқты  негізгі       көрсеткіштер  бойынша         түсті металлургия кәсіпорындарының басын біріктіретінін атап көрсетті.    Оған қоса,  «Алтай»  технопаркінің базасындағы Жоғары технологиялар  аумағында конструкторлық   бюро  құрылатын   болады.

Индустрия   және  сауда  министрі сондай-ақ,   Қазақстанның металлургиялық саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын     әзірлеу   жұмыстары   аяқталып  келе жатқанын  мәлім етті.

 Бұл  күні    облыстық әкімдікте  облыс активімен болған  кездесудің  қорытындысы  бойынша   Индустрия және  сауда министрлігі мен  облыс әкімдігінің арасында,  «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы»   акционерлік  қоғамы мен  финдік  «OUTTEC»  компаниясының арасында    ынтымақтастық туралы  меморандумдарға қол қойылды. 

 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы мамырдың 5-інде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанда Жоғары  технологиялар  зонасын     құру  жөніндегі ілкі  жобаны  жүзеге асыруды  мақұлдаған  болатын,  сол жобаның аясында   металлургиялық саланың  өндірістік  және  ғылыми базасы     құрылуда.