Бұл туралы министрліктің Мемлекеттік энергия қадағалау және бақылау комитетінен хабарлады.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2011-2012 жылғы жылу маусымына дайындық жоспары энергия нысаны жабдықтары мен электр желілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, кәсіпорын шығындары мен олардағы апатты оқиғаларды азайтудың жайттары ескеріліп жасалған. 2009 жылмен салыстырғанда, былтыр жылу энергиясының шығыны 5,6 пайызға төмендеген. Ал энергия нысаны жабдықтарын күрделі жөндеуге келер болса, бұл бағыттағы жұмыстар да күнтізбелік кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. 2011-2012 жылғы жөндеу науқаны кезеңінде облыстың энергия нысандарында 34 негізгі жабдықта күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде 7 энергоблок, 21 қазандық, 4 турбина, 2 турбогенератор бар.
Дегенмен, әр нысанның дайындығын егжей-тегжейлі тексеру барысында «Павлодарэнерго» АҚ-ның 2-ЖЭО, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Павлодар жылу желісі» АҚ, «Павлодар электр желісі компаниясы» АҚ сияқты кәсіпорындарда орын алып отырған проблемалар мәселелер де атап көрсетілді. Павлодар облысының тұтынушыларын электр қуатымен орнықты қамтамасыз ету және энергия нысандарын қысқы маусымға дайындау проблемаларын шешу мақсатында, жұмыс тобының мүшелері жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардың басшыларына ұсыныс-кеңестер берді. Жұмыс тобының құрамына Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Премьер-Министр Кеңсесінің бас инспекторы, Индустрия және жаңа технологиялар, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «КЕГОК» компаниясының өкілдері кіріп отыр.