Оның айтуынша, Индустрияландыру картасы шеңберінде қолға алынған зауыттың құны жоба бойынша 30 миллиард теңгеге бағаланып отырған көрінеді.
«Қазіргі кездері құрылыс жұмыстарын аяқтап, цемент шығаратын технологиялық желіні іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы күні нысанның 90 пайызға жуығы дайын. Алдағы 2015 жылдың ортасына қарай зауытты іске қосуды жоспарланып отыр. Зауыт пайдалануға берілген кезде жылына 2 миллион тонна цементтің 20 түрі шығарылатын болады. Сонымен қатар, 700 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген», - дейді аудан әкімі.