ОРАЛ. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында 1700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 256 млрд. теңгеге 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Сейтжан Ержановтың сөзіне қарағанда, соның ішінде биыл 1,6 млрд. теңгеге үш жобаны (204 жаңа жұмыс орны) іске қосу көзделіп отыр. «Каризма» ЖШС «Поливинилхлоридтен профиль өндіру» жобасын қазірдің өзінде жүзеге асырды. «Урал-лес» шаруа қожалығы цемент-ұнтақ плиталарын өндіру цехы құрылысын қараша айында аяқтайды. «ҚазАрмаПром» ЖШС желтоқсан айында шойын өнімдері өндірісін қайта жаңғыртпақ.
11 инвестициялық жоба қазірдің өзінде өз қуатының 70 пайыздан астам көлеміне шықты. Жалпы, өңірде жоспарлы қуатының 50 пайызына жетпеген жобалар жоқ. Алдағы жылы индустрияландыру картасына жаңадан 4-5 инвестициялық жоба енгізілмек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).