Индустрияландыру картасының аясында Маңғыстау облысында ағымдағы жылы 11 жобаны аяқтау жоспарлануда

АҚТАУ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасының аясында Маңғыстау облысында ағымдағы жылы сметалық бағасы 64522 млн. теңгенің 11 жобасын аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұл 3624 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Соның 1668-і құрылыс салу кезінде ашылса, 1936 жұмыс орны тұрақты болады, соның ішінде республикалық Карта жобасының 49 110 млн. теңгелік 2 жобасы мен аймақтық Картаның 21 022 млн. теңгелік 9 жобасы және 2099 жұмыс орнын ашу  бар, деп хабарлайды баспасөз қызметі.