Ресми мәліметтерге қарағанда, индустрияландыру аясында инфрақұрылым базасы кеңейіп, 4 мың шақырымнан астам автожолдар, 1700 шақырым теміржолдар салынып, жаңғыртылды.
Сонымен қатар, осы жылдар ішінде Қазақстанның химиялық өнеркәсібінде шығарылатын өнімдер аталымы да кеңейген. Бұдан бөлек, индустрияландырудың бесжылдығында отандық құрылыс материалдарын шығару үлесі 2 есеге артып, елімізде қолданылатын құрылыс материалдарының 80 пайызы өзімізде шығатын болды. Соның ішінде цемент өндірісі екі есеге артып, 4 млн. тоннаға жеткен.