деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шағын қос зауыттың негізгі жобалық құны 115 млн. теңгені құрайды. Шикізат іргелі ұжымның еншісіндегі кеніштерден алынбақ. Соңғы 5 жылдан бері осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, іскерлік тәжірибе жинақтаған салалық құрылымның өндірістік базасы бар. Кәсіби мамандар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жоба жүзеге асқан кезде 25 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.