«Инфляциялық таргеттеу Қазақстанның барлық өнеркәсібіне оң әсер етті. Себебі одан басқа шешім қалмады. Біз Ресеймен Бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз. Теңгенің қазіргі бағамы ең оңтайлы», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, теңгенің нығаюы үшін елде ішкі өндірісті дамыту қажет.
«Теңгені ұзақ уақыт бойы бұрынғы деңгейде ұстап тұруға болар еді, бірақ біз онда өзіміздің барлық валюталық ресурстарымызды жоғалтып алар едік. Меніңше, экспорттаушылар үшін теңгенің бүгінгі бағамы ыңғайлы. Енді Қазақстандағы барлық өндірушілер импорттың азаятындығын да түсініп отыр. Себебі қазақстандықтар теңгемен жалақы алғандықтан, қымбат импорттық тауарларды сатып ала бермейтін болады. Осыны ескеру керек», - деді Н.Радостовец.
«Сол себепті біз ішкі нарықтағы өз тауарларымыздың үлесін арттыруымыз керек. Барлығын өзіміз шығаруымыз қажет. Егер осыны қолға алсақ, теңгенің нығаятыны даусыз», - деп түйді сөзін қауымдастық басшысы.