«Инновациялық форсаж» реалити-шоуының инновациялық автобусы Таразда болды

ТАРАЗ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - «Инновациялық форсаж» реалити-шоуының инновациялық автобусы Тараз қаласында болды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, сондай-ақ технологиялық дамыту бойынша Ұлттық агенттігімен ұйымдастырылған жоба «NIF$50K» жыл сайынғы инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық байқауының аясында жүзеге асырылады және «Нұр Отан» ХДП-ның жамбылдық филиалының ғимаратында көрсетілген. 

Инноваторлар және аймақтармен жұмыс орталығы лдиректорының орынбасары Дәурен Мұратбектовтың айтуынша, инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының аясында экономиканы дамыту бойынша жаңа идеялары бар кез келген жаңашыл тамыз айының аяғына дейін туған қаласындағы реалити-шоуына қатысу өтінімін бере алады. «Аймақ тұрғындары үшін мұндай мүмкіндік алғаш рет туындады. Аталған сапарлардың аясында біз агенттіктің көрсетіп отырған мемлекеттік қолдау шараларының барлығын - инновациялық грант, жобалық-венчурлық қаржыландыру, сондай-ақ кондукторлық бюро қызметтері туралы ақпараттандырамыз», - деп түсіндірді Д.Мұратбеков. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты - өз идеяларымен елдің өнеркәсібін дамыту деңгейін өзгерте алатын жас ғалымдарды іздеу. 

«Инновациялық форсаж» реалити-шоу автобусы сапарының бағдары облыс орталықтары мен Алматы қаласын қоса алғанда Қазақстанның 14 қаласы арқылы өтеді. 

Бірінші орын алған жеңімпаз 7,5 млн. теңге, екінші орын иеленген адам - 2 млн. теңге, үшінші орын иегері - 1 млн. теңге алады.