Иракта мейрамханада болған жарылыстың салдарынан 45 адам қаза болды

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке Ирактың Халис қаласында екі лаңкестік әрекет орын алды,

деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Жарылыстар кісі толы мейрамханада және қаладағы танымал кофехананың жанында болған. Жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің журналистерге хабарлауынша, шабуылдардың салдарынан 45 адам қаза болған, тағы 65 адам түрлі жарақат алған.

Ирактағы кезекті лаңкестік әрекет наурыздың 7-сінде өткен парламенттік сайлаудың нәтижесін нақты жариялаудың алдында орын алып отыр. Сайлаудың аралық қорытындысы, ел премьер-министрі Нури әл-Мәликидің коалициясы 18 провинцияда жеңіске жетеуінде, сондай-ақ елордалық округте озып отырғанын көрсетуде.

Экстремистер белсенді әрекет етіп отырған Анбар провинциясында елдің бұрынғы премьері Айяд Алауи басшылық ететін «Әл-Иракия» оппозициялық блогы жеңіске жеткен.