Сайлау 10 мың сайлау округіне бөлінген елдің 18 провинциясында өтті. Парламенттегі 325 орын үшін 86 саяси партия мен бірлестіктің 6 мыңнан астам өкілі таласты.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, Бағдадта және елдің оңтүстігіндегі шииттер тұратын провинциясында премьер-министр Нури әл-Маликидің «Заң мемлекеті» блогы көш бастап отыр. Ал оның негізгі қарсыласы «Әл-Иракия» патриоттық блогына жетекішілік етуші экс-премьер Айял Алауи сүнниттер тұратын аудандарда басым дауысқа ие болып отыр. Сайлаудың алдын-ала қорытындысы наурыздың 11-інде, ал нақты қорытындысы наурыздың 18-іне қарай мәлім болады деп күтілуде. Ал дауыс берудің ресми қорытындысы айдың соңында жария етілмек, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.