Бұл туралы Ирактың «Әл-Иракия» телеарнасы ел үкіметінің ресми өкілі Әли ад-Даббагқа сілтеме жасап хабарлады.
Ад-Даббагтың мәлім етуінше, бұрынғы Ирак басшысының туысының жазасы, барлық қажетті амалдар аяқталғаннан кейін, жақын күндері орындалады.
Әл-Мәжид 1988 жылы күрдтердің Халабжа қаласының тұрғындарына қарсы жасаған қылмысы үшін сот үкімімен қаңтардың 17-сінде өлім жазасына кесілді. Сол жылы Ирак армиясы Халабжа қаласының үстінен улы газ шашып, оқиға салдарынан 5 мыңға жуық адам, негізінен әйелдер мен балалар қаза тапқан еді.
Бұл - экс-президенттің жақын серіктесі болған әл-Мәжид үшін төртінші өлім жазасы. Бұған дейін ол 1999 жылы Бағдадта шиттерге қарсы жасалған қылмысы үшін өлім жазасына кесілген болатын. Оған қоса, әл-Мәжид 1991 жылы шииттердің көтерілісін басқаны үшін де өлім жазасына кесілді. Кербеле, Ән-Наджаф және Ирактың оңтүстігіндегі басқа да қалалардың халқына қарсы жасалған бұл бұқаралық қуғын-сүргіннің құрбандарының саны 100 мың адамға жеткен.