Қазақстан-түркіменстан шекарасындағы «Темір-баба» кеден бекетінде Иран Республикасының азаматы басқарған «Volvo» маркалы көлікке кедендік бақылау жүргізу барысында кеден органдарынан жасырған 30 мың АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған шетелдік валюта тәркіленді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің ұйымдастыру-қаржылық басқармасының бастығы Мақсат Ақмұратов.
Аталмыш экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап өтті ол.