Иран екі жаңа ядролық нысанның құрылысын жоспарлап отыр

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Иран екі жаңа ядролық нысанның құрылысын жоспарлап отыр. Бұл туралы ИРНА ақпараттық агенттігіне Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының басшысы Әли Акбар Селехи мәлім етті,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Салехи мырзаның айтуынша, Натанзедегі сияқты ядролық орталыққа ұқсас 10 жаңа кәсіпорын салу туралы Президент Махмұд Ахмадинежадтың нұсқаулары жүзеге асырылып жатыр. «Біз болашақ нысандар үшін 16-20 орын іздеп таптық. Солардың 10-ы ғана іріктеліп алынады. Келер жылдан бастап біз уранды байытатын екі жаңа кәсіпорынның құрылысына тікелей кіріспекпіз», деп хабарлады Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының басшысы (жаңа жыл Иранда наурыздың 21-інен басталады - агенттіктің түсініктемесі).

Өткен жылдың қараша айында Ахмадинежад Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымына ядролық материалдың жылдық өндірісін 250-300 тоннаға жеткізу үшін уран байытатын 10 жаңа зауыттың құрылысына кірісуді тапсырмаған еді. МАГАТЭ кеңесінің Құм қаласының маңындағы жаңа ядролық нысанның құрылысы үшін Ислам Республикасын айыптаған қарары қабылданғаннан екі күннен Ахмадинежад осындай өкім берді.