Иран Парламенті денсаулық сақтау министрінің қызметіне алғаш рет әйел адамның кандидатурасын бекітті

None
АСТАНА.  Қыркүйектің  3-і. ҚазАқпарат - Иран  Парламенті (межлисі)  1978-1979 жылдардағы  ислам  революциясынан бері  алғаш рет    әйел  адамның кандидатурасын денсаулық сақтау министрі қызметіне     бекітті, 

 деп   хабарлайды РБК агенттігі.

Жаңа денсаулық сақтау  министрі  болып  Мәрзия  Уахид  Дастжерди   ханым     тағайындалды.  Оның  кандидатурасын,   басқа   министрлер лауазымдарына үміткерлермен  бірге,   парламенттің  қарауына   Иранның   қайтадан сайланған    президенті Махмұд  Ахмадинежад ұсынған. Парламент энергетика,  білім,    әл-ауқат және  әлеуметтік  қауіпсіздік  министрлерінің  қызметтеріне ұсынылған   президенттік кандидатураларды кері   қайтарды,   олардың  екеуі    әйел    болған.

Парламент  сондай-ақ,   Иранның  қорғаныс  министрлігіне     Ахмад  Уахидидің   кандидатурасын    бекітті.  Ахмад  Уахидиді  Аргентина   өкіметі 1994 жылы  Аргентинадағы еврей    мәдени орталығын   бомбылауға қатысы  бар деп  айыптап  отыр.  Ол  кезде  А.Уахиди   Ислам  төңкерісі  сақшыларының  корпусына кіретін  «Кудс»   арнаулы жасағының  басшысы  болған.